Темекі бұйымдарына міндетті таңбалауды енгізу бойынша жүргізілген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізіледі.


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2020 жылғы 30 сәуірде сағат 15:00-де zoom конференция арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық ұйымдар, бизнес-қауымдастықтары және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін бекіту туралы», «Тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы шеңберінде темекі бұйымдарына міндетті таңбалауды енгізу бойынша жүргізілген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізетінін хабарлайды.
Іс-шарада темекі бұйымдарына міндетті таңбалауды енгізу бойынша жүргізілген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін талқыланатын болады. Тауарларды таңбалау көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартады және темекі бұйымдарының айналымын бақылау арқылы бюджетке салықтардың түсімін ұлғайтады.
Қатысуға қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтарының өкілдері шақырылады.

Автор: Макажанова Меруерт