Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 наурызынан бастап коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің сыйақыдан салықтармен және әлеуметтік төлемдер ұсталмайтынын хабарлайды.

  1. төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;
  2. әлеуметтік салық;
  3. міндетті зейнетақы жарналары;
  4. міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
  5. әлеуметтік аударымдар;
  6. ММС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша жарналар төлеуден босатылған.

Бұл шешім үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес қабылданды.

Автор: Макажанова Меруерт