«Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі»

Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде осындай шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кейіннен әкетуге арналған оларды қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында осындай тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалады.

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен    орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары

—  Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың болуы;

— кеден органдарының кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі;

— «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы  кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;

— кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімін сақтау;

— кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасаған кезде осы Кодекстің 246-бабының ережелерін сақтау;

— кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген тұлғаларда болуы және осы тұлғалардың тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасауы үшін осындай тауарларды пайдалану тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану шарттары болып табылады.

Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі

— Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта айқындалған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі негізінде белгіленеді.

— Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің белгіленген қолданылу мерзімі тұлғаның өтініші бойынша ұзартылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар:

— тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;

— монтаждауды, жинауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;

— қалпына келтіруді, құрауыш бөліктерін ауыстыруды, жаңғыртуды қоса алғанда, тауарларды жөндеуді;

— егер бұл тауарлар қайта өңдеу процесінде толық немесе ішінара тұтынылатын болса да, қайта өңдеу өнімдерін өндіруге септігін тигізетін немесе оны жеңілдететін тауарларды пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген операциялардың біреуімен бір мезгілде жасалуға тиіс.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операцияларға:

— тауарларды сатуға және тасымалдауға (тасуға) дайындау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар, оның ішінде тауарлар өздерінің жеке-дара сипаттамаларын жоғалтпайтын, тауарларды орау, өлшеп-орау және сұрыптау;

— төл алу, құстарды, балықтарды қоса алғанда, жануарларды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;

— ағаштар мен өзге де өсімдіктерді өсіру;

— ақпаратты, аудио- және бейнежазбаларды ақпарат жеткізгіштердің кез келген түріне көшіру және көбейту;

— технологиялық процесте шетелдік тауарларды көмекші құралдар (жабдық, станоктар, құрал-жабдықтар және басқасы) ретінде пайдалану;

— Комиссия айқындайтынөзге де операцияларжатпайды.

Шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру

Шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:

— декларанттың, қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасайтын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды адамдарының шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртабандарды басуы, цифрлық және басқа да таңбаларды салуы;

-шетелдік тауарлардың ауқымында егжей-тегжейлі сипаттау, фотосуретке түсіру, бейнелеу;

-шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын және (немесе) үлгілерін салыстыру;

-тауарларда бар таңбалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түріндегі таңбалауды пайдалану;

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:

1) Құжат берілген тұлға туралы;

2) қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға (-лар) туралы;

3) СЭҚ  ТН-на сәйкес шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдерінің сыныпталуы, атауы,  саны мен құны;

4) сыртқы экономикалық мәмілені жүзеге асыруын растайтын құжаттар, немесе сыртқы экономикалық мәміле аясына жатпайтын тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын басқа құжаттар;

5) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;

6) қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы;

7) тауарлардың сәйкестендіру тәсілдері;

8) СЭҚ ТН-на сәйкес қалдықтары мен қалғандарының сыныпталуы, атауы, олардың саны мен құны;

9) Кеден одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі;

10) тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай ауыстыру;

11) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы;

12) Кеден одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау болжанатын кеден органында (-дары);

Кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар көмуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға немесе өзге де тәсілмен жоюға жататын жағдайларды қоспағанда, басқа кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.

Қайта өңдеу өнімдері бір немесе бірнеше партиямен реэкспорт кедендік рәсіміне және (немесе) басқа кедендік рәсімдеріне орналастырылуы мүмкін.

Кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру тарифтік емес реттеулерден қолданылмай және әкелу кедендік баждыры, салықтардан толық шартты босатылу арқылы жүзеге асырылады.

Кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімінің басталуы әкелінген тауарларды осы кедендік рәсәмге орналастырған күн болып есептеледі. Егер оларды жекелеген партиялармен кедендік декларациялау жасалса- осы кедендік рәсімге тауарлардың бірінші партиясы орналастырылған күн.

Қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды,  кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, реэкспорт кедендік рәсіміне, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне және басқа кедендік рәсімге орналастыру , Кеден одағы кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімінің қызметі тауарларды қайта өңдеу мерзімі біткенге дейін аяқталуы мүмкін.

Қайта өңдеу кедендік рәсімінің өнімдерін кедендік қойма және уақытша әкелу кедендік рәсімдерге орналастырған жағдайда Кеден одағы кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімінің қызметі (тауарларды қайта өңдеу мезімі кезінде) тауарларды қайта өңдеу  мерзіміне дейін  тоқтатылуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт