Камералдық бақылау

Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.

      Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

       Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері

      1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

      1) салықтық есептілікті;

      2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

      3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;

      4) осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi

      1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

     

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:

      салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

       салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомаларды аударған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

 

      Түсінікті ұсыну арқылы хабарламаны орындау шеңберінде өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

       Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:

      1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;

      2) сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

       Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.

       Осы Кодекстің 59-бабының 6-тармағына және 66-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт