Исақов Құлмұханбет Мырзахметұлы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

Бүгін, 2019 жылдың 13 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы жаңадан тағайындалған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Исақов Құлмұханбет Мырзахметұлын ұжымға таныстырды.

Исақов Құлмұханбет Мырзахметұлы, 1969 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы салық органдарында бастады. Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде әр түрлі лауазымдар атқарған. Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №431-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің              Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт