«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитетінің мұрындық болып өткізіп отырған іс-шарасы.

Акцияның негізгі мақсаттары:

-тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың салық сауаттылығын дамытуға ықпал ету;

-тұрғындармен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру;

-тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде сатып алу кезінде  азаматтардың өз мүдделерін қорғау мәселері бойынша құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;

-бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптары туралы салық төлеушілерді және  жұртшылықты хабардар ету;

— бақылау-кассалық машиналарды қолдану жолымен салықтөлеушілердің салық тәртібін арттыру арқылы бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту;

-көлеңкелі экономиканың мөлшерін мейлінше қысқарту;

-кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ұстануға ынталандыру.

 

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясына қатысу ережелері:

 

Тауарды немесе қызметті сатып алыңыз да Чекті талап етіңіз. Оны (чекті)  ұялы телефонның «Таңдау» қосымшасына жүктеп, сақтаңыз. Ойынның барысын ұялы телефонның «Таңдау» қосымшасы арқылы бақылап жүріңіз.

 

Акцияның шарттары:

қатысушы тұлғаның жасы 18 –ден төмен болмауы керек;

-Акция 2019 жылдың 01 мамырынан  тамыз айының 08 кезеңінде өткізіледі;

— Акция Қазақстан Республикасының барлық өңірінде өткізіледі;

-Акцияға қатысушы мәртебесін алу үшін Play Market немесе App Store-ға «Таңдау» қосымшасын жүктеп және орнату қажет;

-«Таңдау» қосымшасында тауарларды немесе қызметтерді сатып-алу кезінде берілген фискалдық чекті сақтау міндетті;

-Акцияның жеңімпазы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады;

-Акцияға онлайн  БҚМ (KKM)  қолданумен шығарылған (берілген) фискалдық чектер қатысады;

-жеңімпаздарға жүлделерді беру  ұтыс нәтижелері  бойынша жеңімпазды  анықталған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт