«Борышкер — 2019» акциясы қайта басталды

 

Нұр — Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (келесіде – Нұр — Сұлтан қаласы бойынша МКД) жол полициясы қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасымен бірлескен Нұр – Сұлтан қаласында рейдтік іс-шаралардың басталғандығын хабарлайды.

Жедел-алдын алу шараларының аясында жеке тұлғалардың қарызын өндіріп алу үшін салық берешегін өтеу туралы хабарлама беру арқылы, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуін қозғау туралы шығарылған қаулыларға сәйкес борышкердің автокөлігін пайдалануды шектеуді (автотұраққа орналастыру) бойынша шаралар қабылдануда.

Ағымдағы жылдың 3 қарашасындағы жағдайы бойынша 32 733 жеке тұлғаның көлік құралдары салығы бойынша өткен кезеңдер бойынша 1 219,0 млн. теңге сомасында салықтық берешегі бар.

Бірлескен рейдтің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 7 қарашасында жеке тұлғаларға салық қарызын өтеу туралы 16 хабарлама жіберілді, автокөлік тұрағына 2 автокөлік қойылды, 1 жеке тұлғамен салық қарызы төленген.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында 2019 жылға көлік құралдары салығын төлеу мерзімі аяқталады.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД берешектері бар адамдардың назарына, ықпал ету шараларын қабылдауды күтпестен, оны тез арада төлеуге шақырады. Салық қарызының мөлшері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында kgd.gov.kz «Электрондық қызметтер» құралы «Салық қарызының болмауы (болуы) туралы ақпарат» бөлімінен алуға болады. Сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қабылданған шешімдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің adilet.gov.kz порталында орналастырылған.

Нұр — Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт