«Астана-жаңа қала» және «Астана-Технополис» АЭА объектілеріне тауарларды әкелу туралы хабарлама»

Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) кеден заңнамасына сәйкес, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарына, оның ішінде «Астана — жаңа қала» және «Астана-Технополис» АЭА аумағына тауарлардың әкелуі нақты шарттармен белгіленген.

      Негізгі шарты болып, шетел тауарларын, сонымен қатар ЕАЭО тауарларын, мемлекеттік кірістер органдарына хабарлама беру жолымен, АЭА объектілеріне АЭА резиденттері (қатысушылары) орналастырады.

      Хабарлама беру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы «Арнайы экономикалық аймақтар және еркін кедедік аймағы кедендік рәсімнің кейбір сұрақтары туралы» № 247 бұйрығымен (бұдан әрі — Бұйрық) айқындалады.

      Бұйрыққа сәйкес, тауарларды әкелу туралы хабарламаны АЭА қатысушысы, және басқарушы компания, тауарлардың тасымалын жүзеге асыратын кеден тасымалдаушысы немесе АЭА аумағында көмекші қызметті жүзеге асыратын басқа тұлға бере алады.

      АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны берген кезде келесі мәліметтер толтырылады:

      — хабарлама ұсынылатын, мемлекеттік кірістер органының атауы;

      — тауар жөнелтуші/алушының атауы;

      — тауарларды  әкелуге  сәйкес,  тауарларға  арналған  декларацияларды немесе басқа кеден құжатының нөмір;

      — тауарлардың атауы және саны, тауарлар туралы мәліметтер.

      Мемлекеттік кірістер органының лауазымдық тұлғасы хабарламаға «АЭА аумағына әкелуге рұқсат» немесе «АЭА аумағына әкелуге рұқсат жоқ» мөртабанды қою жолымен тауарларды әкелу туралы хабарламаны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімді жедел түрде қабылдайды.

      «Астана — жаңа қала» және «Астана-Технополис» АЭА аумағында бизнес-процессті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау аясында астаналық мемлекеттік кірістер органы тұрақты түрде АЭА аумағында кедендік әкімшелендіруді жақсарту бойынша іс-шаралар өткізеді. Осы жұмыс аясында тауарларды әкелу туралы хабарламаны қабылдау және тіркеу рәсімі, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері бекітілген, тікелей АЭА объектісінде жүзеге асырылады. Аталған рәсімді қолдану АЭА қатысушылары үшін қосымша қолайлы жағдай туғызады және АЭА объектілерінің құрылысы үшін тауарларды үздіксіз және тоқтаусыз әкелу процессін қамтамасыз етуге бағытталған.

Автор: Макажанова Меруерт