«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында астаналық аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының кездесуінің жаңа форматы

Бүгін, 28.01.2020 жылы сағат 14.30-да «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр – Сұлтан қ. бойынша департаментінің алаңында «Астана-адалдық алаңы» жобасының басшысы Мирас Ерғалиұлы Шекеновтың және Нұр-Сұлтан қ. бойынша МКД Байқоңыр ауданы бойынша МКБ басшысы Арман Жоламанұлы Дүйсеновтың әлеуметтік желілерінде тікелей эфир өтті.

Эфир тақырыбы «Салық және бюджетке төленетін төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің қорытындылары туралы». А. Ж. Дүйсенов өз ведомствосының жұмыс нәтижелері, мемлекеттік қызмет көрсету, камералдық бақылау, салық салу саласындағы жаңалықтар туралы ақпарат берді, сондай-ақ келіп түскен түсініктерге жауаптар берілді.

Мұндай кездесудің жаңа форматы салық төлеушілерге ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз етуге, салық саласында қызығушылық танытқан сұрақтарға жауаптарды көбірек білуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфир туралы хабарландыру «Астана — адалдық аласы» facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024377880922,

 instagram: https://www.instagram.com/astana_adaldyq_alany/ әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Автор: Макажанова Меруерт