Артық төленген мемлекеттік бажды қайтару ерекшеліктері

Салық төлеушілер көбінде  төленген мемлекеттік баж салықтарын қайтарып алу жағдайларына көп ұшырап жатады.  Мұның себебі әртүрлі, кейбір жағдайларда салық органының  дұрыс көрсетілмеуі, басқа адамдардан қате төлеу немесе істі тоқтату.  Бірақ, дегенмен, мұндай төлемдерді қайтару процедурасын бәрі бірдей біле бермейді.  Осыған байланысты, осы мақалада біз мемлекеттік баждарды қайтару тәртібін түсіндіргіміз келеді.

         «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 108-бабына сәйкес мемлекеттік баждың артық төленген сомасы келесі жағдайларда ішінара немесе толық көлемде қайтарылады.

         Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына аударылады.

Жоғарыда келтірілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.

Мемлекеттік баж:

— талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;

-талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;

-сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт