2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік кірістер органдарында «Электрондық салық төлеушіні тіркеу (электрондық цифрлық қолтаңбаны беру)» мемлекеттік қызметі қысқартылатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Құрметті салық төлеушілер!!!

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік кірістер органдарында «Электрондық салық төлеушіні тіркеу  (электрондық цифрлық қолтаңбаны беру)» мемлекеттік қызметі қысқартылатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Осыған орай, мемлекеттік кірістер органдарымен электронды құжаттардың айналымы Ұлттық сәйкестендіру орталығынан  берілген электронды цифрлық қолтаңбамен жүргізіледі (ЭЦҚ ҰСО).

Мемлекеттік кірістер органдарымен электронды құжаттармен алмасу арқылы өзара  іс-әрекетті жүргізу мақсатында ҰСО ЭЦҚ алу, сонымен бірге «Жеке кабинет» ашу үшін «Электрондық үкімет» порталында тіркелу   ұсынылады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Макажанова Меруерт