Жекелеген қызмет түрлерін – уәкілетті ұйымдармен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары және тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

Жекелеген қызмет түрлерін – уәкілетті ұйымдармен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары және тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
   
Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.
Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.
Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
    Осы уақытта Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетелдік валютамен жасалатын айырбастау операциялары және тауарлармен электрондық сауда – жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның функционалы БСАЖ АЖ және «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасында іске асырылған.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор записи: Жасулан Мантаев