Жеке қолдануға арналған тауарларды тасымалдаудың жаңа нормалары

Жеке қолдануға арналған тауарларды тасымалдаудың  жаңа нормалары

2019 жылғы 01 қаңтардан ЕАЭО Кеңесінің 01.11.2018 ж. № 91 Шешімі күшіне енді,  ол құжат ЕАЭО Кеңесінің 20.12.2017ж. № 107 «Жеке қолдануға арналған тауарларға байланысты кейбір сұрақтар туралы» Шешіміне өзгерістер енгізді. 
Аталмыш өзгерістерге сәйкес кедендік баж және салықтардың төленуінсіз жеке тұлға жеке басының қолдануына ілеспемен немесе ілеспесіз багажда құны 500 еуродан аспайтын тауар алып өтуіне рұқсат. Бірақ салмағы 25 кг аспауы қажет.
Жеке басының қолдануына арналған тауарлардың бажсыз енгізілуі авто, теміржол, теңіз және өзенмен қозғалатын көлік құралдарымен және жаяу жолаушыға қатысты.
Темекі және алкаголь өнімін бажсыз енгізу нормалары өзгеріссіз қалды.
Сонымен қатар әуе көлігімен тасымалданатын тауар нормалары өзгермейді: 10000 Еуро және 50 кг. Бекітілген нормалардан артық болған жағдайда тауар құнынан 30 % мөлшерінде баж төленеді,  құн және/ немесе салмақтың артық болған жағдайда, кг-нан 4 еуродан кем емес.
2019 жылғы 01 қаңтардан, тауардың құны 500 Еуродан аспаса  және оның брутто салмағы 31 кг артық болмаса, бір жеке тұлғаның мекенжайына, айына бір мәрте болған жағдайда кедендік баж және салықтың төленуінсіз Халықаралық пошта жөнелтіледі.  Егер аталған көрсеткіштерден артық болған жағдайда Халықаралық пошта жөнелтуде аталған мекенжайдағы жеке тұлға тауар құнынан 30 % мөлшерінде баж төлейді,  құн және/ немесе салмақтың артық болған жағдайда, кг-нан 4 еуродан кем емес.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

  • Related Posts

    Особенности составления декларации об активах и обязательствах

    С 1 января 2020 года в РК вводится обязательное всеобщее декларирования доходов и имущества физическими лицами.

    Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері

    2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР жалпыға бірдей жеке тұлғалардың табыстарын және мүліктерін декларациялау міндеттемесі кіргізіледі.

    Заказ услуги
    close slider

      Заказать услугу