Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық берешектер бюджетке өндіріп алу.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық берешектер бюджетке өндіріп алу.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету Мемлекеттік кіріс органдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Салық кодексінде салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, сондай-ақ әкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары көзделген.
«Астана-жаңа қала» Мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың басынан бастап салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті азайту мақсатында заңда көрсетілген іс-шараларды толығымен жүзеге асырды.
Жалпы сомасы 5 324 812,9 мың теңгеге шақ  салық берешегін өтеуді талап етілген 193 хабарламалар салық төлеушілерге жолданды. Салық берешегі 3 541 086 мың теңге соманы құраған салық төлеушінің банктік шоттары бойынша   шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 28 өкімдер шығарылып, қаржы жұмсауларына шектеу қойылды.
2019 жылдың 1 қаңтарына салықтар бойынша берешек сомасы– 3 006 243 мың теңгені, атап айтқанда КТС бойынша берешек сомасы – 11 250 мың теңге, ҚҚС бойынша-2 994 993 мың теңге құрады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық берешектері бюджетке толығымен өндіріп алынды.
   
    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев