Салық төлеушілердің назарына, камералдық бақылау бойынша хабарламаларға қатысты

Салық төлеушілердің назарына, камералдық бақылау бойынша хабарламаларға қатысты

«Салық төлеушінің кабинетіне» (келесіде — СК) камералдық бақылау нәтижесі бойынша жаңадан түскен хабарлама автоматты түрде ашылады.
Осы хабарламаны қарастыру және басып шығару үшін 7.0 нұсқасынан төмен емес Adobe Acrobat reader программасын қолдану қажет. Келесіде СК жұмыс жүргізу үшін танысу туралы ескертпені белгілеу қажет, себебі СК  қол жетімсіз болып қалуы мүмкін.
Қарастырылған хабарламалар «Салық төлеушінің кабинетінде > Сервис > Хабарлама/Хабарландыру» бөлімінде 60 жұмыс күні бойы сақталады. Сонымен қатар, хабарламаны элетронды поштаға да алу мүмкіндігі бар.
СК камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламаның тек өзі ғана түсетінін ескеру қажет, ал қосымшасын электрондық поштаға сұрату қажет. Ол үшін келесі қадамдар қажет:
1) СК-де хабарламалар журналына кіру керек;
2) «Іс-әрекет» бағанында конверт көрінеді;
3) осыған басса, терезе шығады;
4) терезеде өз электронды адресіңізді теріп, «Жіберу» пернесін басу қажет;
5) поштаға хабарлама келеді;
6) қосымшасында камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарлама және оның қосымшасы келеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін «хабарлама бойынша» қосымша салықтық есептілікті ұсынады
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда –салық төлеуші (салық агенті) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламаны мерзімінде орындамаған жағдайда салық кодексінің 118 бабына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев