Салық органдарында салық төлеушілердің берешектері туралы мәліметтерді жүргізу тәртібі

Салық органдарында есепке алынып және жүргізіліп отырылатын салық төлеушілердің берешектерінің жоқ немесе бар екендігі туралы мәліметтерді беру тұлғалардың сұрау салу негізінде атқарылады..Мұндай мәліметтерді әділет органдарына, сондай — ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделген басқа да мемлекеттік органдарға — сұрау келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Ал салық төлеушілерге — сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген тұлғаларға салық органында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ немесе бар екендігі туралы мәліметтерді сұрау салу және ұсыну электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Есепке алу салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылады.

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе жеке практикамен айналысатын тұлға Қазақстан Республикасынан басқа елге тұрақты тұруға кеткен кезде салық органында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ немесе бар екендігі туралы мәліметтер мұндай тұлғаларға дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда ғана беріледі.

  • Related Posts

    Особенности составления декларации об активах и обязательствах

    С 1 января 2020 года в РК вводится обязательное всеобщее декларирования доходов и имущества физическими лицами.

    Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері

    2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР жалпыға бірдей жеке тұлғалардың табыстарын және мүліктерін декларациялау міндеттемесі кіргізіледі.

    Заказ услуги
    close slider

      Заказать услугу