Кіші бизнес субъектілері үшін оңайтылған салық декларациясы бойынша салықтар мен төлемдер
1. Жеке кәсіпкер бойынша
Оңайтылған салық декларациясы бойынша салық ставкасы
— табыстан 3% , оның ішінде: жеке табыс салығы (келесіде-ЖТС)-1,5%; әлеуметтік салық (келесіде ӘС) – 1,5%;
— Міндетті зейнетақы төлемдері (келесіде МЗТ)– 10% жарияланған табыстан, бірақ 1 ЕТЖ –дан 50 ЕТЖ-ға дейін, нақты табыстан аспау керек;
— Әлеуметтік аударымдар (келесіде ӘА) -3,5% жарияланған табыстан, бірақ 1 ЕТЖ –дан 7 ЕТЖ-ға дейін, нақты табыстан аспау керек;
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі ЖК үшін:
— ЖТС және ӘС табыстан – жарты жылда бір рет: бірінші жарты жылдыққа-25 тамыздан кешіктірмей, екінші жарты жылдыққа – келесі жылдың 25 ақпаннан кешіктірмей;
— МЗТ және ӘА-ай сайын: 1-ші ай үшін келесі айдың 25 жұлдызынан кешіктірмей.
2. Жалдамалы жұмысшылар үшін
— ЖТС =(жалақы-МЗТ-ЕТЖ)*10%, шегерімдерді алып тастағаннан кейін табыстан. Егер жалақы 25 АЕК төмен болса, (2019 жылға 63125 тенге), салық сомасы 90 % кемітіледі.
— МЗТ = (жалақы)*10% жалақыдан, бірақ 10% 50 ЕТЖ аспау керек.
— ӘА=*3,5% жалақыдан МЗТ алып тастағанда, бірақ 3,5% кемінде 1 ЕТЖ және 3,5% 7 ЕТЖ аспау керек;
— МӘМС=(жалақы) *1,5% жалақыдан , бірақ 10 ЕТЖ аспау керек.
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі жалдамалы жұмысшылар үшін:
— ЖТС жалақыдан-ай сайын : 1-ші ай үшін келесі айдың 25 жұлдызынан кешіктірмей.
— МӘМС, МЗТ және ӘА-ай сайын: 1-ші ай үшін келесі айдың 25 жұлдызынан кешіктірмей.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті