ЕАЭО шеңберінде салық салу ерекшеліктері

ЕАЭО шеңберінде салық салу ерекшеліктері
 
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың негізінде жанама салықтарды төлеу (ҚҚС және акциз) кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудасында, қосылған құн салығына нөлдік ставканы қолдануды қарайтын және (немесе) тауар экспорты кезінде акцизді төлеуден босату, сондай-ақ импорт кезінде оларға жанама салық салуды қарайтын, тағайындаған елдер приципі бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағына тауар әкелуде салық төлеушілер орналасқан орны бойынша (мекен-жайы) импортталған тауарлар бойынша, жанама салықтар жөніндегі  декларацияны, оның ішінде лизинг келісімі бойынша (келісімшарт), қағаз жеткізгіште және электронды түрде немесе электронды түрде  салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.      
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тауар әкелуді жүзеге асырған салық төлеуші қағаз  жеткізгіште  (төрт дана)  және электронды түрде  табыс етеді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдары жанама салықтарды төлемеген, толық төлемеген  немесе уақытында төлемеген жағдайда, сондай-ақ салық декларацияларын тапсырмаған, олардың мерзімдерін бұзумен тапсырған жағдайда   Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық бұзу туралы  Кодексі белгіленгендей әкімшілік жауапқа  тартатындығын атап өту қажет.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев