Дипломатиялық пошта және консулдық вализа

 

Дипломатиялық пошта және консулдық вализа

 

Қазақстан Республикасының «ҚР кедендік реттеу туралы» Кодексінің 384 бабына сәйкес ҚР аймағында орналасқан консулдық мекемелер мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық пошталары және консулдық вализалары Евразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасы арқылы дипломатиялық және консулдық курьерлермен тасымалданады.  

         Аталмыш дипломатиялық және консулдық курьерлер арнайы курьердік парақша немесе басқа ресми құжатпен қамтылуға тиіс, онда курьердің мәртебесі және дипломатиялық пошта, консулдық вализа болып табылатын орындар саны көрсетіледі. Курьердік парақша немесе оны алмастыратын ресми құжатқа қол қойылып, дипломатиялық пошта, консулдық вализа жолдаушы мекеме мөрімен бекітіледі.

         Сонымен, курьердік парақша немесе оны алмастыратын ресми құжатта дипломатиялық және консулдық курьер түрінде көрсетіліп шынайы тасымалдауды іске асыратын тасымалдаушының атауы көрсетілсе, онда мұндай дипломатиялық пошталар және консулдық вализалар  Кодекстің 384 бабының 7 тармағына сәйкес іске асырылады.