2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 25 АЕК төмен еңбек ақы алатын жеке тұлғаларға салық ауыртпалығы азайды

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 25 АЕК төмен еңбек ақы алатын жеке тұлғаларға салық ауыртпалығы азайды

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК төмен табыс табатын жұмысшылардың еңбекақысының 90 пайыз көлеміне өзгеріс енгізіледі.
Сонымен, көлемі  63 125 теңгеден төмен еңбекақыдан, 90 % кемітіп, салық салынады. Қалған еңбекақыға 10% көлемінде жеке табыс салығы салынады. Осыған байланысты салық ауыртпалығы 10 есеге дейін төмендейді.
Егер жеке тұлға бірнеше жұмыс орнында қызмет етсе және әр жұмыс орнында еңбекақы көлемі 25 АЕК аспаса, онда салық салынатын еңбекақысына 90 % көлемінде өзгерту енгізу әр жағдай бойынша қолданылады.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айлық төменгі еңбекақы көлемі 42 500 теңгені құрады, сәйкесінше 1 айлық төменгі еңбек ақы көлеміндегі салықтың шегерім жоғарылайды, бұл жеке тұлғаның салық салынатын еңбекақысын анықтау барысында қолданылады. 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

  • Related Posts

    Особенности составления декларации об активах и обязательствах

    С 1 января 2020 года в РК вводится обязательное всеобщее декларирования доходов и имущества физическими лицами.

    Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері

    2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР жалпыға бірдей жеке тұлғалардың табыстарын және мүліктерін декларациялау міндеттемесі кіргізіледі.

    Заказ услуги
    close slider

      Заказать услугу