Басты мақсат бюджет түсімдерін көбейту

Разместил: zhasulan1 Размещено: 28 сентября 2018 15:20 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 39

                                                          Басты мақсат бюджет түсімдерін көбейту

     2018 жылға мемлекеттік бюджеттің түсімін өсіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Астана-жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде  кешенді шаралар қабылданды.
Берілген салықтық есептілік нысандарына камералдық бақылау әдістерін қолдану негізгі назарда ұсталуда. 
Есеп жылының 9 айына атқарылғын жұмыстардың қортындысы бойынша салық төлушілердің қосылған құн салығының, салық салынатын айналымы мөлшерін декларацияда толық көрсетпеуі анықталды.
Атқарылған жұмыстын нәтижесінде  мемлекеттік бюджетке қосымша 1,001 млрд. тенге салық өндіріп алуға қол жеткізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер басқармасында салық заңнамасымен салық төлеуден босатылған «Астана-новый город» арнайы экономикалық аймақтын қатысушылары тіркеуде тұрғанын атап өту қажет.
    Мемлекеттік бюджетке басқарма тарапынан қосымша кірістер тарту жұмыстары одан әрі жалғасуда.
 


«Астана-жаңа қала» Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Жунисбекова Р.Э.

Кто онлайн