Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Компаниялардың басшылары және бухгалерлердің қатысуымен өткен «Бірыңғай семинарга» қатысты

Разместил: zhasulan1 Размещено: 29 ноября 2018 21:14 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 12

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Компаниялардың басшылары және бухгалерлердің қатысуымен
өткен «Бірыңғай семинарга» қатысты

Қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің тақырыбы:  Электрондық шот-фактуралар ақпартаттық жуйесінің  "Виртуалды қойма" модулі болды.
Электрондық шот-фактураның  ақппараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі  тауарларды есепке алуды жүйелеу, қалдықтарды автоматты түрде санау және импортпен келген тауарларды кіріске алудағы бизнес-процесті автоматтандыру мақсатында жасалды.
        Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстанның кiруiнiң негiзгi шарттары, оның ішінде тауарлық позицияның бірқатары бойынша тарифтік мiндеттемелер – Алып қою тізбесі, әкелу ставкасы Дүниежүзілік сауда ұйымы  (бұдан әрі - ДСҰ) шарттарында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтің шеңберiнде қолданыстағы кедендік бажбен салыстырғанда төмен болып табылады.
       Бүгінгі кезде Алып қою тізбесі 2 475 тауарлық позициядан (СЭҚ ТН шеңберінде барлық 97 тауарлық топтың 58 тауарлық тобы, оның ішінде: оларға 2015 жылдың желтоқсанынан кедендік әкелiм баждарының ЕАЭО БКТ-нен төмен мөлшерлемесi қолданылатын (ауылшаруашылық өнiмі, жеңiл өнеркәсiп, көлiк құралдары және т.б.) болады, оларға ЕАЭО қарағанда әкелу кедендік баждың анағурлым  төмен ставкасы қолданылады.
      ДСҰ шеңберiнде Одаққа мүше басқа мемлекеттерге төмендетiлген кеден баждары бойынша әкелінген қазақстандық тауарлардың реэкспортының болуы мүмкiн деген Одақ елдерiн именушiлiкгін ескере отырып, ЕАЭО Мемлекет басшылары 2015 жылдың 16 қазанында ДСҰ кіру шеңберiнде Қазақстан Республикасының тарифтік мiндеттемелерiн имплементациялау жөнiндегi бірқатар құжаттарға қол қойылды.
     Қол қойылған құжаттарға сәйкес төмендетiлген кеден баждары бойынша оларды әкелген жағдайда ғана Одақтың басқа елдерiнің аумағына Алып қою тізбесінегі тауарларды әкетуге жол бермеуге Қазақстан Республикасы өзіне мiндеттеменi мойнына алды.
    Алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды ҚР аумағына әкелу не ДСҰ ставкалары бойынша, бірақ – та ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына шығаруына құқысыз, не болмаса оларды кейіннен ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша ҚР аумағында немесе одан тыс сату мақстында жүзеге асырылуы тиіс.
      Осыған байланысты, Қазақстанға тауарларды импорттау кезінде 2015 жылды 1 желтоқсаннан кейiн мынадай талаптарды сақтауы тиіс:
1) ДСҰ ставкасы бойынша ҚР әкелінген Тізбедегі тауарлар, ЕАЭО елдеріне ҚР аумағынан әкету тиым салынған;
2) ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша ҚР әкелінген Тізбедегі тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына алып келген кезде кеден тауарлар декларациялар мен электрондық шот-фактураның  көшiрмелері мемлекеттік кірістер органдарымен расталуы қажет;
3)  ҚР өндірілген Тізбедегі тауарлар ЕАЭО мүше мемлекеттеріне әкетілген кезде, егер осы топтың тауары Алып қою тізбесінде болған жағдайда, СТ-1 нысанындағы тауардың ш
      Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы  № 640 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауарға арналған декларацияның көшірмелерін және электрондық шот фактуралардың тауарларға ілеспе құжаттары ретінде растау туралы мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.
     Өтініш Астан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын экспорттық бақылау басқармасына беріледі.
   Өтінішті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы өтініштерді тіркеу журналында тіркейді және күнтізбелік бір күннің ішінде өтініш берушіге елтаңбалы мөрмен куәландырылған немесе оларды куәландырудан бас тартылған ұсынылған құжаттардың көшірмелері беріледі.
Ұсынылған өтініштің негізінде мемлекеттік кірістер органдары әкетілетін тауардың санымен ЭШФ ұсынылған құжаттардың көшірмелеріндегі (ішкі нарықта және экспортта осы тауардың сатылуын ескере отырып) оларды импорттау кезінде рәсімделген және оларға кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылған тауарға арналған декларацияда көрсетілген осы тауардың санына сәйкестігіне камералдық бақылау жүргізеді.
Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша:
   -  әкетілетін тауардың санымен оларды импорттау кезінде тауарға арналған декларацияда көрсетілген осы тауардың санына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ ЕАЭО Бірыңғай кедендік тариф ставкасы бойынша кедендік бажды төлеу фактілерін, электрондық шот-фактураның және тауарға арналған декларацияның көшірмелерін растау мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады;
   - әкетілетін тауардың санымен ЭШФ ұсынылған құжаттардың көшірмелеріндегі (ішкі нарықта және экспортта осы тауардың сатылуын ескере отырып) осы тауардың санына оларды импорттау кезінде рәсімделген және/немесе төмендетілген ставкалар бойынша кедендік әкелу баждарын төлеу фактілерін растау сәйкес болмаған жағдайда, электрондық шот-фактураның және тауарға арналған декларацияның көшірмелерін растаудан бас тарту жүргізіледі.
"Виртуалды қойма" модулі керекті тауарлардың қозгалысын онлайн режимінде Қазақстан Республикасы аймағына кіргеннен немесе өндірілген кезеңнен бастап, олардың сатылғанын немесе басқадай қолданыстан шыққанын көруге мүмкіндік береді. Салық төлеушілер үшін бұндай тауарларды «Виртуальный склад» серверінде белгілеу керектігін білдіреді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн