«Борышкер-2018» операциясы жалғасуда…

Разместил: zhasulan1 Размещено: 26 октября 2018 10:31 Категория: Новости Музея развития ОГД РК Просмотров: 31

«Борышкер-2018» операциясы жалғасуда…

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша Полиция департаментімен және сот орындаушыларымен бірлесіп «Борышкер-2018» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу бойынша іс-шараларды жалғастыруда.
25 қазандағы жағдай бойынша іс-шараларды пысықтау нәтижелері бойынша бюджетке 4,5 млн.теңге сомасында берешек өтелді, Porsche Cayenne маркалы 2 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Олардың көлік құрал салығы бойынша берешек сомасы 2,6 млн.теңгені құрады, бүгінгі күні осы бір автомобильдің иесімен 1,8 млн.теңгеге көлік салығы бойынша берешек өтелді
Ағымдағы жылдың 25 қазанында «Борышкер-2018» жедел алдын алу іс-шарасы барысында көлік салығы бойынша берешектің жалпы сомасы 1,4 млн.теңгеге BMW X5, Lexus LX570, Nissan Murano маркалы 3 автомобилі айыппұл тұрағына қосымша орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, берешекті өндіріп алу бойынша осындай іс-шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін тұрақты түрде өткізілетін болады, сондықтан салық берешегін уақытында өтеуге шақырамыз.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кто онлайн