Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау мен сатуды жүзеге асыратын тұлғалар бойынша ҚР ҚМ МКК-ға мәліметтер ұсынылады

Разместил: zhasulan1 Размещено: 29 ноября 2018 21:29 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 18

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау мен сатуды жүзеге асыратын тұлғалар бойынша ҚР ҚМ МКК-ға мәліметтер ұсынылады

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 691 бұйрығымен Салық кодексінің 2) тармақшасының 6-тармағы 26 бабы ережелеріне сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және осындай сынықтар мен қалдықтарды сатуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша мәліметтер (бұдан әрі-мәліметтер) ұсыну қағидалары бекітілді.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мұндай мәліметтерді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (ҚР ҚМ МКК) ұсынатын болады.
ҚР ҚМ МКК мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды заңды және жеке тұлғалардың салық кодексінде көзделген салық міндеттемелерін орындауы бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру үшін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау және өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын субъектілердің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кіріс органдарына жібереді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн