Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару ең жиі көрсетілетін салықтық қызмет болып табылады.

Разместил: zhasulan1 Размещено: 27 декабря 2018 16:15 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 27

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару ең жиі көрсетілетін салықтық қызмет болып табылады.

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 101 бабына сәйкес есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу күніне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің аталған түрі, өсімпұл бойынша бюджетке төленген, өндіріп алынған, есепке жатқызылған сомалары арасындағы оң айырма салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы болып табылады.
    Тіркеу алымдарының, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды, азаматтық авиация саласындағы сертификаттарды беру үшін алынатын алымдардың, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақының, мемлекеттік баждың төленген сомалары – жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді жасамауы (оның ішінде, салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растаған жағдайда, артық төленген болып танылады.
    Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:
1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда – салық органдары осындай өтінішті тіркеген күннен бастап;
2) өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда – салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома түзілген күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
5. Мыналар:
      1) есепке жатқызуға жатпайды:
      заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;
      мемлекеттік баждың төленген сомасы;
      2) мыналар:
       Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, мыналарды:
       жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда;
      есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлар үшін акциздердің артық төленген сомасы, салық төлеушінің осындай тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтату және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтару жағдайларын қоспағанда;
       салықтың, жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының артық төленген (өндіріп алынған) сомасы – осындай салықтар, төлемақылар бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оны ұсыну күніне дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.
Сонымен бірге, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу арналған салықтық өтінішті қағаз түрінде және электрондық түрде «Кабинет налогоплатещика» арқылы тапсыруға болатындығын хабарлайды.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн