Салықтарды белгіленген мерзімде аудармауы және әлеуметтік төлемдер міндеттерінің уақытылы орындалмаған жағдайда қолданылатын әкiмшiлiк жаза туралы.

Разместил: zhasulan1 Размещено: 29 декабря 2018 14:38 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 36

Салықтарды белгіленген мерзімде аудармауы және әлеуметтік төлемдер міндеттерінің уақытылы орындалмаған жағдайда қолданылатын әкiмшiлiк жаза туралы.
Салық агенті – салық кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлға.
Салық агентінің/салық төлеушінің  бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы және әлеуметтік төлемдер міндеттерінің уақытылы орындалмаған жағдайда – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (ҚР ӘҚБ) 279,91,92 баптары бойынша әкiмшiлiк жазаға тартылады.
ҚР ӘҚБ 2 тармағы 279 бабына сәйкес салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –10, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұстап қалынған (ұстап қалынуға тиіс) сомалары бойынша, мемлекеттік кіріс органына қосымша салық есептілігін ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.           
           ҚР ӘҚБ 5 тармақшасы 6 тармағы 91 бабына сайкес жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы) ескерту жасауға әкеп соғады.
      Осы баптың 7 тармағына сайкес алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының 10, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.    
ҚР ӘҚБ 2 тармақша 2 тармақ 92 бабына сайкес Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзу- әлеуметтік аударымдарды төлеушінің: әлеуметтiк аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау) – ескерту жасауға әкеп соғады.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн