САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 12 ноября 2018 20:18 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 69

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздерге келесіні хабарлайды, 25.12.2017 жылдың № 120-IV «Салық және бюджетке   төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 453 - бабының 6-тармағына сәйкес іске асыру кезінде импорттаушы әкелінген тауарларды ЕАЭС мүше мемлекеттер аумағынан ҚР аумағына, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей шот-фактура электрондық түрде жазып.
Салық кодексінің 412-бабына сәйкес айналым жасау кезінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді шот-фактура электрондық нысанда жазылады:
1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Салық міндеттемесін орындау мақсатында және ӘҚБтК-нің 280-1-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, жыл басында сайттың үлкен техникалық жүктелуі болғандықтан, ЭШФ АЖ-де WWW.ESF.GOV.KZ сайтында тіркеуден өтуге кеңес береміз.
Сондай-ақ, кеңес алу үшін Қабанбай батыр даңғылы, 33 үй мекен-жайы бойынша орналасқан Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 213 кабинетіне хабарласа аласыз, жұмыс телефондары 49-24-86, 95-31-06


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн