Құрметті салық төлеушілер!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 24 октября 2018 17:01 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 89

Құрметті салық төлеушілер!

      Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің 412-бабына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде Электрондық  шот – фактура(ары қарай ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттеме келесі салық төлеушілерде пайда болатынын хабарлайды:
1) Қосылған құн салық(ары қарай ҚҚС) төлеушілер;
2) ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионерлер;
3) ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедиторлар;
4) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.
      Электрондық нысандағы шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде(ары қарай АЖ) жазып беріледі және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады.
      Электрондық цифрлық қолтаңбаны – ЭШФ АЖ-де аутентификациялау, сондай-ақ ЭШФ қол қою үшін Сізге Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан ҰКО(Ұлттық куәландырушы орталығы) тіркеу орталықтарына жүгіну қажет.
      Сонымен қатар, сертификаттарды алу бойынша толық нұсқаулық ҚР ҰҚО ресми сайтында қолжетімді:
- жеке тұлғалар үшін сертикаттар алу бойынша нұсқаулық:
http://pki.gov.kz/index.php/ru/fizicheskie-litsa;
- заңды тұлғалар үшін сертификаттар алу жөніндегі нұсқаулық:
http://pki.gov.kz/index.php/ru/yuridicheskie-litsa.
      Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне тіркеу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда сіз төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыз:
-  электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесін қолдау қызметі:
8(7172)72-73-20
- Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы: 8(7172)77-32-61
- Астана қаласы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы:
 8(7172)37-26-63
- Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы: 8(7172)77-32-18
- Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы:
8(7172)95-31-06
- Астана қаласы Астана – жаңа қала бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы: 8(7172)22-73-29.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн