Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 октября 2018 13:56 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 103

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының
бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн
салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері

2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодесінің (Салық кодексі) 49-тарауында, қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша бюджетпен өзара қатынасы белгіленген
Сондай ақ, 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінің 433-бабында ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын (бұдан әрі – бақылау шоты) пайдаланған кезде ҚҚС асып кету сомасын қайтару ерекшеліктері белгіленген.
Бақылау шоты ҚҚС төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкте ашқан және ҚҚС бойынша есеп айырысулардың қозғалысын есепке алу үшін, оның ішінде:
импортқа және бейрезидент үшін ҚҚС қоса алғанда, бюджетке ҚҚС төлеу;
тауарларды берушілерге ҚҚС төлеу;
тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) ҚҚС төлеу;
ҚҚС төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланатын банктік шот болып табылады.
ҚҚС сомасы бойынша есеп айырысу ҚҚС төлеушілер арасында бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Бақылау шотын пайдалану құқығына электрондық
шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушылар болып табылатын ҚҚС төлеушілер ие болады.
Егер тауарларды сатып алушы ҚҚС төлеуші болып табылмаса, ҚҚС сомасы бойынша есеп айырысу оның банктік шотынан тауарды берушінің бақылау шоты болып табылмайтын өзге банктік шотына жүргізіледі. Бұл ретте бақылау шотын пайдаланатын тауарды беруші ҚҚС мұндай сомасын өзінің бақылау шотына есепке жатқызуға құқылы.
ҚҚС асып кету сомасын қайтаруға:
1) сатып алынған (алынған) тауарларды (лизинг нысаналарын) басқа тауарларды өндіруде пайдаланатын салық төлеушілер құқылы. Сатып алынған (алынған) тауарлардың (лизинг нысандарының) тізбесін уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді.
Сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары) сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізілуге жатпайды;
2) тауарларды экспортқа өткізетін;
3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларға әуе кемелеріне құю үшін
жанар-жағар май материалдарын өткізетін;
4) салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін;
5) арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізетін салық төлеушілер құқылы.
ҚҚС асып кетуін қайтару, тауарларды өткізу бойынша айналым жасаған өнім берушілердің бақылау шоттарына ҚҚС төлеуді жүргізген салық төлеушілер сатып алған (алған) тауарлар бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы бөлігінде жүргізіледі.
ҚҚС төлеуші бақылау шотын пайдаланып және пайдаланбай сатып алған және өткізген тауарлар бойынша ҚҚС сомалары бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
Салық төлеушілер сатып алған (алған) тауарлар бойынша ҚҚС асып кету сомасын қайтару үшін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
тауарды беруге арналған шарт (лизинг шарты);
тауарды (лизинг нысанасын) алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
тауардың (лизинг нысанасының) тиеп-жөнелтілгенін растайтын, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
сатып алынған тауар (лизинг нысанасы) үшін өнім берушінің бақылау шотына ҚҚС сомасының аударылу фактісін растайтын құжат.
Салық кодексінің 44-тарауында көзделген құжаттар көрсетілген салық төлеушілер сатып алған (алған) тауарлар бойынша ҚҚС асып кету сомасын қайтару үшін растайтын құжаттар болып табылады.
Тексеру нәтижелерімен расталған ҚҚС асып кету сомасын қайтару бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушіге он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бұл ретте ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі Салық кодексінің 212-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, ҚҚС бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.
Бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушінің ҚҚС бойынша салықтық міндеттемелерді орындағаннан және салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша тауарларды берушілермен және (немесе) сатып алушылармен есеп айырысқаннан кейін бақылау шотында ақша қалдығы болса, онда көрсетілген ҚҚС сомалары салық төлеушінің қалауы бойынша бюджетке аударылады және Салық кодексінің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың ережесі, қайта құрылу арқылы қайта ұйымдастыруды қоспағанда,  бақылау шотын пайдаланатын салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда да қолданылады.
Осы баптың ережелері Салық кодекстің 434-бабына сәйкес салық төлеушілерге ҚҚС асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.
ҚҚС төлеуші көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, бюджеттен өтелген ҚҚС асып кету сомасы Салық кодексінің 104-бабы 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әрбір күн үшін өсімпұл есептей отырып, бюджетке төленуге жатады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн