Хабарлама алу тәртібі

Разместил: zhasulan1 Размещено: 16 ноября 2018 16:55 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 65

Хабарлама алу тәртібі

Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы камералдық бақылау нәтижесінде шыққан хабарламаларды алу-орындау жолдарын хабарлайды. Салық кабинетіне (ары қарай-СТК) кірген кезде жаңадан шыққан хабарламалар автоматты түрде шығады, оны дұрыс көру және басып шығару үшін AdobeAcrobatreader 7.0 бағдарламаны пайдалану ұсынылады. Әрі қарай жұмыс істеу үшін танысу белгісін қою керек, әйтпесе функционалдық СТК  (салық төлеушілердің кабинеті) қол жетімді болмайды.
Хабарламаны ашу үшін салық төлеушінің кабинетіне кіріп-қызмет көрсету бөліміне кіріп-хабарлама 60 күн жұмыс ішінде. Сонымен бірге электрондық пошта арқылы хабарлама алу мүмкіндігі бар. Салық төлеушінің кабинетінен салық төлеушіге тек осы камералдық бақылау хабарлама электрондық поштасына түседі. Осы үшін не білу керек:
1.    Хабарлама журналына кіру қажет.
2.    Кестеде «әрекеттер» сары конвертіне басасыз.
3.    Шығатын жаңа терезеге электрондық поштаны жазасыз.
4.    Электрондық поштаңызға хабарлама келеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау оны СТК жіберген күннен кейінгі күнненбастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық төлеуші анықталған бұзушылықтар мерзіміне қосымша салық есептілігін табыс етеді.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, салық төлеуші салық органдарына келіспеушіліктер мен растайтын құжаттармен түсініктемелер береді.
Орындалмаған жағдайда, камералдық бақылауды белгіленген мерзімде салық төлеушінің банк шоттарындағы шығыс мәмілелерін салық кодексінің 118 бабына сәйкес тоқтатуға әкеп соғады.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн