«САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ, ӨСІМПҰЛДАРДЫҢ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН СОМАЛАРЫН ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ»

Разместил: zhasulan1 Размещено: 20 октября 2018 17:44 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 83

«САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ, ӨСІМПҰЛДАРДЫҢ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН СОМАЛАРЫН ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ»
ҚР  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы № 120-VI Кодексінің 101 баптарына сәйкес салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізілген күнгі салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) және есептелген, есепке жазылған (азайтылған) сомалар арасындағы оң айырма болып табылады. Салықтың, бюджетке төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды салық органы мынадай тәртіппен есептелетін он жұмыс күні ішінде жүргізеді:
1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызу және қайтару жүргізілген жағдайда – осындай өтінішті салық органдары тіркеген күннен бастап;
2) есепке жатқызу өтінішсіз жүргізілген жағдайда – салық төлеушінің дербес шотында артық төленген сома пайда болған күннен бастап.
Салықтың, бюджетке төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің банктік шотына оның салықтық өтініші негізінде бюджетке салық берешегі болмаған кезде жүргізеді.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн