«Астана – жаңа қала» АЭА» аумағына еркін кедендік аумақ кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру тәртібі»

Разместил: zhasulan1 Размещено: 30 марта 2018 14:51 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 305

«Астана – жаңа қала» АЭА» аумағына еркін кедендік аумақ кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру тәртібі»


       2018 жылы кедендік реттеу саласында жаңа заң актілерінің яғни, Еуразия экономикалық Одағының және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстерінің (бұдан әрі – Кодекс) жарық көруіне байланысты, арнайы экономикалық аймағы аумағына әкелінген тауарларға  қатысты кейбір өзгерістер енгізілді.
       Кодекстің 29 бөліміне сәйкес, еркiн кеден аймағының (бұдан әрі - ЕКА) кедендiк рәсiмi шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, осындай тауарлар АЭА аумағының шегінде немесе оның бөлігінде қойылады және пайдаланылады.
       Кодекстің 29 бөлімі 282 бабының  нормаларына сәйкес, «Астана – жаңа қала «АЭА» аумағына ЕКА кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру келесідей шарттарды орындау мақсатында жүзеге асырылады:
       1) АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруы мақсаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында айқындалған өзге де мақсаттарда, тауарлардың АЭА резиденттерінің (қатысушыларының, субъектілерінің) АЭА аумағына қоюға және (немесе) АЭА аумағында пайдалануға арналуы;
       2) шетелдік тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау.
       Кодекстің 3 бабына сәйкес, тыйым салулар мен шектеулер – Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын, оның ішінде Одақ туралы шартқа сәйкес біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шаралары, техникалық реттеу шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, экспорттық бақылау шаралары, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралар және радиациялық талаптар.
       Сонымен қатар ЕКА кедендік рәсіміне шетелдік тауарларды орналастырған кезде, техникалық шаралар регламенті бойынша құжаттарды (сәйкестендіру сертификаты, сәйкестендіру туралы декларациясы және т.б.) тапсыру қажет.
       ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлардың, «Астана – жаңа қала «АЭА» аумағына әкелінетін тауарлардың декларанттары болып, АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) бола алады.
       Сонымен қатар Кодекстің 282 бабындағы ЕКА кедендік рәсіміне сәйкес, тауарларды қолдануға қатысты келесідей шарттар қарастырылған:
       1) Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА жұмыс істеу мерзімі немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде не тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқанға дейін АЭА аумағына қою және тауарлардың АЭА аумағында болуы;
       2) АЭА аумағына еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды:
      АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру (жүргізу) туралы келісімге (шартқа) (АЭА-дағы қызмет талаптары туралы шартқа, инвестициялық декларацияға, кәсіпкерлік бағдарламаға) не Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттарға;
      3)  АЭА аумағында ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қолдану және қойылуы:
      осындай тауарлардың декларанты не осы Кодексте айқындалған өзге де тұлғалармен жүзеге асырылады;
      4) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 285-бабына сәйкес әрекеттерді жасау еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттары болып табылады:
      1) сақтауды;
      2) тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операцияларды және сақтауға байланысты өзге де жүк операцияларын;
      3) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) дайындау жөніндегі әдеттегі операцияларды, тауар сапасын жақсарту жөніндегі операцияларды;
      4) тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау (жинауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда), тауарларды жөндеу немесе оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі операциялар;
      5) тауарлардың тұтынылуы Комиссия айқындайтын жағдайларда, осы тармақтың         4) тармақшасында көрсетілген еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарлардың жұмсалуына (тұтынылуына) қарағанда өзгеше болуын;
        6) тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеуді қоса алғанда, кез келген операцияларды жасауға жол беріледі.
        Қайта өңдеу операциялары өткізілетін Еуразия Одағының тауарлары, міндетті түрде еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастыруы тиіс.
        АЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде не тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдаланудың осы баптың 5-тармағында айқындалған шарттары осы Кодекстің 287-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес осы кедендік рәсім аяқталғанға немесе оның қолданылуы тоқтатылғанға дейін сақталуға тиіс.



М. Атыгаева,
Астана қаласы бойынша МКД
«Астана – жаңа кала» АЭА»
кеден бекетінің жетекші маманы


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн