Жергілікті салықтар бойынша салық заңнамасындағы жаңалықтар туралы

Салық заңнамасындағы кейбір жаңалықтар туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әдіснамалар департаменті директорының м.а. Дәулет Жарылғасынов хабарлады.

 

— Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығының төлеу мерзімін аудару

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы (бұдан әрі – ҚР заң жобасы) төртінші деңгейдегі бюджетке уақтылы түсуді қамтамасыз ету үшін жеке тұлғалардың көлік құралдары салығының төлеу мерзімін салық кезеңінің 31 желтоқсанынан бастап есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады.

 

— Мүлік салығын және жер салығын біріктіру (оңтайландыру)

 

Заң жобасында мүлік салығын және жер салығын төлеуді оңайлату мақсатында жеке тұлғалар аталған салықтарды салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, ставкалар, есептеу және төлеу тәртібі) өзгертпей біріктіруді (оңтайландыруды) жүргізуді ұсынады.

 

Бұл жағдайда жер учаскелері мен мүлік бойынша салық жеке-жеке өз тәртібімен есептеледі, ал салық төлеушіге бір сомамен (бюджеттік сыныптаманың бірыңғай коды) төлеуге ұсынылады.

 

— Көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығын жою (салық сомасының аздығына және әкімшілік ету шығындарына, объектілердің көп санына және есептеу күрделілігіне байланысты).

 

Жергілікті салықтық несие алуға құқығы бар тұлғаларға қатысты

 

Салық кодексінің ережелеріне сәйкес, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасына әкелінген немесе тіркелген 4000 текше сантиметрден астам автомобильді қоспағанда, бір автокөлік құралы үшін көлік құралдарына салынатын салықтан босатылады:

 

— Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар, мүгедектер.

 

Жер салығы бойынша:

 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-«Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

— жеке тұратын зейнеткерлер.

 

Мүлік салығы бойынша:

— Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер – меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;

— Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер – меншік құқығындағы барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде;

— жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 

Автор: Макажанова Меруерт