Жеке тұлғалар өз салық берешегін қалай тексеруге болады

Жеке тұлғалар өз салық берешегін қалай тексеруге болады
      Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың ыңғайлылығы үшін «Kcеll» ұялы операторы арқылы Астана қаласында тұратын азаматтардың осы санатын Меншікке салынатын салықтар бойынша берешектің бар сомасы туралы SMS-хабарлама арқылы хабардар ету жұмысын бастады.
      Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан қарауға болады — kgd.gov.kz екі тәсілмен:
      1) келесі қадамдық нұсқаулық бойынша:
kgd.gov.kz > Электрондық сервистер > бизнеске көмек > салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер > жеке тұлғаның ЖСН енгізу > суретте берілген кодты енгізу > «нәтижені алу» батырмасын басу»;
      2) қысқа сілтеме бойынша: [url]http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web.[/url]

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев