Жеке қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төлем

Жеке қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төлем

 «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында арнайы рұқсаттар негізінде алкоголь өнімдерін өндіру және сату нормалары, яғни лицензия беріледі.
Алайда, тиісті лицензияны алмай, алкоголь өнімдерін сату фактілері кездеседі. Аталған заңның талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған (жеке тұлғаларға — 15, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 25, орта кәсіпкерлерге — 40, ірі кәсіпкерлер үшін — 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
Жоғарыда айтылғанның негізінде, алкогольдік өнімдерін жүзеге асырушы дүкен, супермаркет, мейрамхана, кафе, бар иелеріне жауапкершілікті болдырмау үшін тиісті лицензияны алғаннан кейін ғана алкоголь өнімдерін сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру қажет.
Енді осындай қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензия алу үшін алкогольді ішімдіктерді, соның ішінде сыра сататын дүкен, кафе, бар иелері денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан және аумақтарынан тысқары орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайларға тиісті құжатты лицензиарға тапсыру қажет.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген «Алкоголь өнімдерін өндірудің аумағында сақтауды және бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу лицензиясын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі — стандарт) № 284, мемлекеттік қызмет ақылы негізде ұсынылады.
Яғни, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға лицензия алу үшін Лицензиат лицензиялық алым (мемлекеттік төлем) төлеуге міндетті. Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу құқығына лицензиялық алымның мөлшері салық төлеушінің объектісінің орналасқан жеріне сәйкес төленеді.
Сәйкесінше, осы стандарт талаптарына сәйкес, салық төлеуші астаналық, республикалық және өңірлік маңызы бар қалалардың орналасқан жағдайда, лицензиялық алымның мөлшері 100 АЕК құрайды.
Лицензиялық алым төлеу міндеттемесі лицензия алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылда туындайды.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңы негізінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексінің 555-бабына өзгерістер енгізілді, соның негізінде жыл сайынғы лицензиялық алымды алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу қызмет түрлерін жүзеге асыруға төлемге ауыстырылды.
Төлем төлеушілері жыл сайын жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғаның тұрғылықты жеріне ағымдағы жылдың 25 наурыз, 25 маусым, 25 қыркүйек, 25 желтоқсаннан кешіктірілмей төлеуі қажет (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген мекен жайы бойынша).
Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев