Жеке пайдалануға арналған тауарлар

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 3-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған бұл тауарлар жеке өзіне, отбасына, үйіне және басқа да арналған, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырумен байланыспайтын Еуразиялық экономикалық одақтың ( бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке тұлғалардың мұқтаждығы үшін, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өтпеген жеке тұлғалардың мекен-жайына, немесе ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өтпеген жеке тұлғалардың атынан тасымалдаушылармен халықаралық пошта жөнелтілімдерде немесе басқада тәсілдер жолымен жіберілетін алып жүретін немесе алып жүрмейтін жүктер.

Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты критерилер, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауар туралы жеке тұлғаның өтініші негізінде ЕАЭО кедендік шекарасын жеке тұлғалардың кесіп өту жиелігі сондай-ақ, саны мен олардың сипаттамасы ЕАЭО Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жүзеге асырады және Еуразиялық экономикалық алқасы (бұдан әрі – ЕЭА) бекітеді.

ЕАЭО алқасының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімімен (бұдан әрі – Шешім) ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары:

Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда көліктің әуе түрімен әкелінетін тауарлардың белгіленген нормасы – құны 10 000 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг-нан аспайды.

Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе жолағынан өзгеше көлік түрлерімен әкелінетін тауарлардың белгіленген нормасы- құны
500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг-нан аспайды.

Тасымалдаушы ЕАЭО кедендік аумағына жеткізетіндер – құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды.

ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетіндер құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімдерінің брутто салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды.

Шешіммен белгіленген кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері, құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждарды құрайды.

Бұл ретте, ЕАЭО кедендік аумағына алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормалары бұрын қолданыста болған және жол жүру жолында және (немесе) межелі орнында қажетті жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алмай, келесідей өлшемдерді негізге ала отырып айқындалады:

     жол жүру жолында және (немесе) межелі жерде, оның ішінде маусымдылығын, сапар мақсатын, көлік түрін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өту жиілігін ескере отырып, пайдаланудың жалпы қабылданған (дәстүрлі)  тәжірибесі;

     тозу (оның ішінде сызаттар, майысулар, өзге де механикалық зақымданулар), жуу, өзге де пайдалану белгілерінің болуы;

     жапсырмалардың, заттаңбалардың, бастапқы ораманың, оның ішінде жеке өткізілетіндердің, оның бастапқы жай-күйін экономикалық тиімді тәсілмен қалпына келтіруді болғызбайтын тәсілмен бүлінген қаптаманы қоспағанда, болмауы;

     тауарды пайдаланудың жалпы қабылданған (дәстүрлі) тәжірибесі үшін, оның ішінде сапардың маусымдылығын, мақсатын, көлік түрін, жол жүру жолындағы және (немесе) баратын жердегі объективті қажеттілігін ескере отырып, бірлі-жарым немесе өзге де мөлшерде әкелу.

Қазіргі уақытта ЕЭА алаңында,  Кодекстің 339-бабының 5-тармағына сәйкес ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қосымша критерилерді ескеретін, ЕАЭО шешімі әзірлену үстінде.

ЕЭА шешімі күшіне енгенге дейін Кодексінің 560-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті құқықтық қатынастарды реттеу 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің 3-бабы
1-тармағының ережелеріне сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 464-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген ережені іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» № 250 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген Жоғарыда көрсетілген Бұйрық жеке тұлғалармен айына бір реттен артық тауарлар әкелуін шектемейді, жиілік тек айына бір рет бажсыз 25 кг. 500 еуро жеңілдікке әсер етеді.

Олай болса, коммерциялық мақсатта  немесе тауарларды әкелудің санының  белгіленген нормадан асқан жағдайында белгіленген кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін төлеу қажет.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО кеден аумағына тасымалдаушылармен жеткізілетін және халықаралық пошта жөнелтілімдермен жөнелтілетіндер ЕАЭО кеден аумағына кедендік баждардың, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу шеңберінде Шешіммен белгіленген құндың нормалардың өзгеретіні қарастырылғанын еске саламыз. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құны 200 еуроға бұл ретте салмағы 31 кг төмендейтін болады және жиелік бір жеке тұлға үшін бір мекен-жайға күнтізбелік 1-ай ішінде өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу жағдайлары мен шарттары белгіленген.

Сонымен, ЕАЭО кедендік аумағынан тыс орналасқан, ЕАЭО мүше – мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің басшысы, ЕАЭО кедендік аумағынан тыс орналасқан, мүше – мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының мүшесі, ЕАЭО кедендік аумағынан тыс орналасқан, мүше – мемлекеттің елшілік мекемесінің басшысы және өзге де елшіліктің қызмет адамы, ЕАЭО кедендік аумағынан тыс орналасқан, мүше мемлекеттің халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінің қызметкері (бұдан әрі – қызметкерлер, шет елдегі мекеме), сондай-ақ қызметкермен бірге ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерде тұратын отбасы мүшелері жеке пайдалануға арналған тауарларды (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын қоспағанда) құны мен салмағына қарамастан, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, ЕАЭО кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкеле алады, немесе қызметкерге және оның отбасы мүшесіне тиесілі осындай тауарларды қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге адам алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда мынадай шарттар сақталған кезде әкеле алады:   

а) жеке пайдалануға арналған тауарлар (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын қоспағанда) қызметкердің шетелдік мекемеде жұмыс істеу мерзімі шегінде күнтізбелік жылда 1 реттен жиі емес әкелінеді, егер:

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген, қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің мәртебесін куәландыратын және ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде осындай қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, одақтың кедендік аумағына әкелмегенін растайтын құжат ұсынылса;

қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлға келесі құжаттарды ұсынған жағдайда:

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген, осындай қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің мәртебесін куәландыратын және ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде мұндай қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, одақтың кедендік аумағына әкелмегенін растайтын құжат;

қызметкер немесе оның отбасы мүшесі жасаған жеке пайдалануға арналған тауарлардың нотариалды куәландырылған тізімдемесі;

қызметкерге немесе оның отбасы мүшесіне тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасауға және әкелуді жүзеге асыруға нотариалды куәландырылған сенімхат;

б) жеке пайдалануға арналған тауарлар (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын қоспағанда) қызметкердің шетелдік мекемеде жұмысының тоқтатылуына байланысты, басқа мемлекетке жұмысқа ауысуды немесе мерзімінен бұрын кері қайтарып алуды қоса алғанда әкелінеді, егер:

қызметкерге немесе оның отбасы мүшелеріне мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген, осындай қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің мәртебесін куәландыратын және осындай қызметкердің шетелдік мекемеде жұмысын тоқтатқанын растайтын құжат берілсе;

қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғаға келесі құжаттарды ұсынған жағдайда:

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген, осындай қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің мәртебесін куәландыратын және осындай қызметкердің шетелдік мекемеде жұмысын тоқтатқанын растайтын құжат;

қызметкер немесе оның отбасы мүшесі жасаған жеке пайдалануға арналған тауарлардың нотариалды куәландырылған тізімдемесі;

қызметкерге немесе оның отбасы мүшесіне тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасауға және әкелуді жүзеге асыруға нотариалды куәландырылған сенімхат.

Бұдан басқа, қызметкерге тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарларды (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын қоспағанда) тасымалдаушы мұндай қызметкердің отбасы мүшесінің атына, егер мұндай әкелуді қызметкер қайтыс болуы, ауыр науқастануы себебінен немесе өзге де объективті себептермен өз бетінше жүзеге асыра алмайтын жағдайда, келесідей құжаттар табыс етілген жағдайда, осындай қызметкердің отбасы мүшесінің атына әкелуі мүмкін:

а) мүше – мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген, жеке пайдалануға арналған тауарлар әкелінетін қызметкердің мәртебесін куәландыратын және қызметкердің қайтыс болуын, ауыр науқастануын немесе өзге де объективті себебін растайтын құжат;

б) шетелдік мекеме басшысы қол қойған жеке пайдалануға арналған тауарлар тізімдемесі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2018 жылғы         26 мамырдағы № 21-39003/1554 түсініктемесіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шетелдердегі мекемелері мен ұйымдары қызметкерлерінің немесе оның отбасы мүшелерінің мәртебесін дәлелдейтін құжаттардың қатарына дипломатиялық немесе қызметтік паспорт, болу мемлекетінде бекітілген тиісті санаттағы аккредиттеу картасы, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекемеден, ұйымнан шетелде қызметін аяқтаған қызметкердің, оның отбасы мүшелерінің мәртебесі мен оның жеке пайдалану заттарынан құралған жүгін растайтын анықтамасы жатады.

Мүше  – мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен шет мемлекетке жұмысқа (қызмет өткеру үшін) жіберілген мүше мемлекеттің жеке тұлғасы ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда жеке пайдалануға арналған тауарларды (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын қоспағанда)  келесідей шарттар бір мезгілде сақталған кезде  әкеле алады:

а) мұндай шет мемлекетте болу мерзімі кемінде 11 айды құрайды;

б) мұндай тауарларды әкелу осындай шет мемлекетте болған кезеңде, оның ішінде жұмыс (қызмет өткеру) аяқталуына байланысты мүше мемлекетке қайтып келген кезде күнтізбелік жылда 1 реттен жиі емес жүзеге асырылады;

 в) мүше – мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілетін, мүше – мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттегі жұмыс (қызмет) фактісі мен мерзімін растайтын құжаттар ұсынылады.

Сондай-ақ, мүше  мемлекеттің жеке тұлғасы шет мемлекетте кемінде     12 ай уақытша тұрған, ЕАЭО кедендік аумағына құны 5 000 еуроға баламалы сомадан аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының шанақтарын қоспағанда) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әкеле алады.

 Жеке тұлғалардың шет елдерде жұмыс істеу және уақытша тұрған мерзімін нақты құжаттармен дәлелдейтін, ЕАЭО мүше мемлекеттердің шетелдегі консулдық бөлімдерімен немесе дипломатиялық өкілдіктерімен берілген ЕАЭО мүше мемлекеттеріне оралушы және сондай есепте тұрғандығын дәлелдейтін құжаттар болып табылады.

 Мүше – мемлекеттің жеке тұлғасы алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда ЕАЭО кедендік аумағына және тасымалдаушы осындай тұлғаның атына жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын, жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының әрбір түрінің 1 бірлігінен аспайтын мөлшерде авто-және мотокөлік құралдарын, тіркемелерді кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, ЕАЭО аумағынан тыс жерде мұраға алынған (мұра мүлкі деп танылған) жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылмайтын жеке пайдалануға арналған өзге де тауарлар мүше – мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай тауарларды мұраға алу (мұра мүлкі деп тану) фактісі құжаттамалық расталған жағдайда әкелінуі мүмкін.   

Жеке тұлға ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, кез келген тәсілмен үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген тізбеге енгізілген мәдени құндылықтарды, ұлттық мұрағат қорларының құжаттарын және мұрағаттық құжаттардың түпнұсқаларын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оларды осындайларға жатқызуды растау шартымен айқындалған жағдайда әкеле алады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті