Осы жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана-Жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы Арнайы Экономикалық Аймақта кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілер үшін: «Жанама салықтарды төлеу тәртібін, салық есептілігін ұсыну және Салық кодексінің ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық ережелерін түсіндіру» туралы семинары өткізілді.
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің мамандары «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды, оның ішінде шикізатты қайта өңдеу өнімі болып табылатын тауарларды ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелу кезінде салық төлеуші салық органына әкелінген тауарларға қатысты жанама салықтар туралы декларация ұсынуға міндетті екені түсіндірілді. Импортталған тауарларға қатысты, соның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша жанама салықтар бойынша декларация, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша (тұрғылықты жері бойынша) салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей қағаз жүзінде, ЕО және егер осы тармақта басқаша талап белгiленбесе, мемлекеттік кірістер органына тапсырылатыны айтылды.
Мемлекеттік кірістер органдарының жанама салықтарды төлеу фактісін растау немесе растамау жағдайлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдардың мөлшері түсіндірілді.
Семинарға «Астана — жаңа қала» Арнайы Экономикалық Аймағының аумағында жұмыс жасайтын салық төлеушілері және басқарма басшысының орынбасары қатысты.
Семинардың соңында салық төлеушілер Салық кодексін орындау барысында туындайтын сұрақтарына ауызша жауап алды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті