Жанама салықтарды әкімшілендіру кезіндегі әкімшілік жауапкершілік

Жанама салықтарды  әкімшілендіру  кезіндегі әкімшілік жауапкершілік

Акцизделетін тауарларды (мұнай, алкоголь өнімдері)өндірушілердің, акцизделетін тауарларды берушілердің, акцизделетін тауарларды базасынан өткізу және (немесе) жөнелту және (немесе) акцизделетін тауарларды ішкі тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, акцизделетін тауарларды қайтару кезінде ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі — ІЖ) ресімдеу керек және  декларацияларды электронды түрде міндетті түрде табыс етіледі.
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну және  декларацияларды табыс етілу ережелері Қазақстан Республикасының  Қаржы министрінің бұйрықтарымен  бекітілген.    
ІЖ «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі — Бағдарлама) интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ресімделеді.
 Бағдарлама акцизделетін тауарларды айналымы саласында сату және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның  интернет-ресурсында (web-порталы) орналастырылады.
ІЖ-ді алушылар ІЖ және акцизделетін тауарларды алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе одан Бағдарламада ІЖ-ді ресімдеген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартылады.
      Ереже бойынша  белгіленген деректерді толық емес және (немесе) дұрыс емес көрсетіп ресімделген ІЖ-ді өнім беруші осындай ІЖ ресімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоюға тиісті.
Декларацияларды электронды түрде мұнай өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме, бөлшек сату саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) табыс етеді.
Алкоголь  өнімдері бойынша декларацияларды электронды түрде өндірушілер, сондай-ақ алкоголь  өнімдерін көтерме сауда саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) табыс етеді.
Акцизделетін тауарларды өндіру және оның айналымы бойынша декларациялар ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін мемлекетік кірістер органына ұсынылады.
Акцизделетін тауарларды өндіру және оның айналымы жөніндегі салық декларациясын табыс ету мерзіміне дейін жеке кәсіпкерден немесе заңды тұлғадан негізделген электронды түрде болмаса жазбаша өтінішті алғанда, мемлекетік кірістер органы декларация тапсыру мерзімін 10 күнтізбелік күнге дейін ұзартуға құқылы.
Акцизделетін тауарларды жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымы бойынша  Қазақстан Республикасының  заңдарын бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 281, 282 баптарымен жауапкершілік қаралғанын ескертеміз.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев