«Жалпыға бірдей декларацияны енгізу»

2019 жылдың 3 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

2020 жылдың 10 қаңтарында, Нұр – Сұлтан қаласында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ғимаратында, мемлекеттік қызметшілер үшін орталық мемлекеттік органдарға ақпараттандыру аясында «Жалпыға бірдей декларацияны жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда жалпыға бірдей декларацияны жүзеге асыру туралы нақты түсінік берілді: іске асыру кезеңдері, азаматтардың категориялары және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны толтыру (250.00 нысаны). Электрондық үкімет e-gov.kz порталында тестілеу режимінде декларация тапсыруға байланысты мәселелер көтерілді.

Семинарға ҚР ІІМ-нің 400-ден астам мемлекеттік қызметшілері қатысты, спикерлердің сөздерінен кейін семинарға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды,  барлық қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша байланысу үшін Департаменттің тиісті бөлімдерінің байланыс телефондары берілді.

Автор: Макажанова Меруерт