Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу бойынша ақпараттық жұмыс

Кеше, 23.01.2020 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерімен жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу мәселесі бойынша кездесу өтті. Кездесуде мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері Жалпыға бірдей декларациялау басқармасының бас сарапшысы Н. Төлегенов сөз сөйледі, ол 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы айтты, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе жалпыға бірдей декларациялауды қолдану салық базасын кеңейтуге және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуіне ықпал ететінін дәлелдейді. Бұл мемлекетке елдің дамуы мен әлеуметтік жобаларды шешуге көбірек инвестиция салуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау — қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселелердің бірі және бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметшілер тарапынан көптеген мәселелерді тудырды. Кездесуде декларация тапсыру мерзімі және еgov.kz-те 250.00 нысаны бойынша салық есептілігін тапсыру бойынша тест режимін қолдану туралы сұрақтарға жауаптар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде 2021 жылы декларацияны мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары мен оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары тапсырады.

2023 жылы оларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласын қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, олардың жұбайлары қосылады.

2024 жылы декларацияны міндетті түрде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады.

2025 жылы – халықтың қалған санаты.

Автор: Макажанова Меруерт