ТЖ кезінде контактілерді азайту

Төтенше жағдай режимі қолданылған кезеңде уақытша тоқтатылған:

— КБ хабарламаларын ұсыну (талап қою мерзімі аяқталатын кезеңдерді қоспағанда);

— хабарламаларды қолма-қол тапсыру;

— КБ хабарламаларының орындалмауына байланысты салықтық тексеру;

— салық салу мәселелері бойынша әр түрлі комиссиялардың отырысы;

— КБ хабарламаларының орындалмауына байланысты әкімшілік жауапкершілік жөніндегі материалдарды қарау;

— тексерулерге бастамашылық жасау;

— ҚР Салық кодексінде белгіленген мерзімде салық есептілігі нысандарын ұсынбағаны үшін салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту;

— әкімшінің қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу;

— есептерді қабылдау орталықтарында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету терминалына қол жеткізу;

— БКМ модельдерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.

Сондай-ақ электрондық түрде қол жетімді мемлекеттік қызметтер тек қана электрондық сервистер арқылы көрсетіледі. 2019 жылға арналған декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылды (100.00, 110.00, 150.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 920.00) салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы тиісті өтініш берместен, оны электрондық түрде табыс еткен жағдайда, салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы тиісті өтінішті табыс етеді.

Бұл ретте, айта кетейік, бұл Сіз үшін үнемі қол жетімді электрондық сервистер. Байланыс орталығы 1414 нөмірі, МКК, МКД сайттарында орналасқан жауапты тұлғалардың телефон байланыстары, СТ кабинеті.

Автор: Макажанова Меруерт