Тіркелген шегерім

Тіркелген шегерім

Салық төлеушілердің тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша түсетін сұрақтарына қатысты Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды. Қазіргі уақытта аталған арнаулы салық режиміне ауысу хабарлама арқылы қағаз жүзінде бекітілген нысанға сәйкес жүргізіледі.
Келешекте салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін электронды түрдегі нысан қолданысқа енгізілуде.
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелген шегерім пайдаланылатын жаңа арнаулы салық режимі енгізілгенін естеріңізге саламыз.
Негізгі ерекшелігі болып, дәлел құжаттарсыз 30% дейінгі көлемде шегерім пайдалануға құқығы болып табылады.
Бұл режимді заңды тұлғалар, сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер қолдана алады, бірақ жұмысшылар саны 50 адамнан, жылдық табысы 12 260 АЕК аспауы керек.
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі жалпыға бірдей режимге сәйкес болып келеді:
—  салықтық кезеңі күнтізбелік жыл;
—  салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс табылады;
—  912.00 декларациясы келесі есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады;
—  табыс салығы заңды тұлғалар үшін  20% ставкамен, жеке кәсіпкерлер үшін  10%  ставкамен алынады, төлеу мерзімі есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев