Тәуекелдерді басқару жүйесі

Тәуекелдерді басқару жүйесі

Тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ) мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Мемлекетке залал келтіруі мүмкін және (немесе) мүмкін салық төлеушінің салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының ТБЖ қолдануының негізгі мақсаттары:
— жоғары қауіпті салаларға назар аудару және қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
— салық салу саласындағы бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді арттыру;
— қызметі бойынша тәуекелдің төмен дәрежесі белгіленген салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды азайту.
Осылайша, салық органдары келесі деректерді талдауды жүзеге асырады:
— салық төлеушінің салық есептілігі;
— салық төлеушінің қызметі туралы алынған мәліметтер.
Сонымен қатар, осындай талдау нәтижелері негізінде салық органдары салық төлеушілерді олардың қызметін төмен, орташа немесе жоғары тәуекел дәрежесі санаттарына жатқызу және салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдану арқылы санаттауды жүзеге асырады.
ТБЖ салық заңнамасында енгізу жоғары салықтық тәуекелдері бар кәсіпорындарды бақылауды күшейтуге, жергілікті жерлерде салықтық тексерулерді жүргізуге кететін уақыт шығындарын азайтуға және олардан түсетін қайтарымын ұлғайтуға, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
 Бұдан басқа, ТБЖ бойынша салық төлеушілерді анықтау олардың конституциялық борышын атқаруының объективті дәлелі болып табылады.
ТБЖ әдістерінің пәрменділігі-бұл қоғамның экономикалық және саяси кемелденуінің шынайы көрінісі болып табылатын салық салудың позитивтілігін қамтамасыз ету.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор записи: Жасулан Мантаев