Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі.

Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі.

Тасымалдаушы кеден органын тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көліктің түріне қарай құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы не электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты тіркеу нөмірі туралы мәліметті қамтитын құжатты ұсыну арқылы мынадай мерзімдерде тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге міндетті:
      1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – тауарлар келу орнына жеткізілген кезден бастап бір сағат ішінде, ал тауарлар келу орнына кеден органының жұмыс уақытынан тыс уақытта жеткізілген жағдайда – кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап бір сағат ішінде;
      2) су, әуе немесе теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалдауды жүзеге асырған кезде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесімен (кестесімен) белгіленген уақыт ішінде.
Құжаттар мен мәліметтерді тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлғалар ұсынуы мүмкін.
Қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттар ұсынылған кезде осындай құжаттарда қамтылған мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.
Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркейді.
Тасымалдаушы немесе осы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 149-бабында көрсетілген өзге де мүдделі тұлға келу туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органы жұмыс уақытының үш сағаты ішінде кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты:
        1) тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен;
      2) тауарларды межелі орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалдаумен (тасумен);
      3) тауарларды кедендік декларациялаумен;
      4) тауарларды ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумақтарында еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастыру;
      5) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетумен байланысты кедендік операциялардың біреуін жасауға міндетті.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев