«Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызметтер стандартына өзгерту

«Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызметтер стандартына өзгерту

    Кедендік әкімшелендіруді жетілдіру аясында және 2018 жылы электрондық декларациялауды енгізуге байланыста «Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызметтер стандартына (әрі қарай-стандарт)  өзгертулер  және толықтырулар енгізілді.
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» №1117 бұйрығына сәйкес, Стандарттың жаңа ережесінде, тауарлар декларациясын (ТД)  қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру «Астана-1» ақпараттық жүйесінде (АЖ)  жүзеге асырылады.
    «Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік көрсетілітін қызмет кезінде тауарларды шығару мерзімін анықтайтын, Стандарт ережесі өзгертілді, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны тіркелгеннен бастап 4 (төрт) сағат ішінде шығару қажет (бұрын Стандартта мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінін аспауы тиіс).
    Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымның мөлшері айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі күні кедендік алымдар сомасы қосымша парақтар санына қарамастан ТД үшін 20 000 (жиырма мың) теңгені құрайды (бұрын ТД-ның негізгі парағы үшін 60 (алпыс) евро және ДТ-ның әрбір қосымша парақтары үшін 25 (жиырма бес) евро көлемінде төлем қарастырылған болатын).
    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР кодексіне сәйкес, кедендік декларациялау үшін кедендік алымның мөлшері ҚР Үкіметінің Қаулысымен (ҚР ҮҚ) белгіленеді. Жоғарыда аталған 20 000 (жиырма мың) теңге сомасындағы кедендік алымдар 2018 жылғы 16 қарашадағы ҚР Үкіметінің №774 Қаулысына сәйкес 2018 жылғы 7 желтоқсаннан бастап алынады.
    Бұл өзгеріс қызмет алушы үшін айырқа мәні бар, өйткені бірнеше тауарларды кедендік декларациялаған кезде СЭҚ қатысушылар мемлекеттік қызмет алу кезінде қаржылық шығындардың азаю бөлігіндегі айтарлықтай пайда алады.
Мысалы, Стандартқа өзгеріс енгізілгенге дейін, 50 тауарды деклараациялаған кезде қосымша парақтар саны 17 дананы құрады (әрбір қосымша парақта 3 тауардан аспайды) + 1 негізгі парақ. Бұл жағдайда қызмет алушыдан алынатын кедендік алымдардың сомасы 210 000 (екі жүз мың) теңгені құрайтын еді.
Осылайша, «Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызметтер Стандартында енгізілген өзгеріс қызмет алушы үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев