«Тауарларды еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары»

 

«Тауарларды еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары»

 

Қазақстан Республикасы кеден заңнамасына сәйкес, «Астана – жаңа қала» АЭА (АЭА) аумағына тауарларды еркін кедендік аймағы (ЕКА)  кедендік рәсіміне орналастыру үшін айрықша шарты айқындалған.

Негізгі шарты болып, ЕКА кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар,  резиденттердің (қатысушылардың, субъектілердің) АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы келісімге сәйкес, кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруы мақсаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында айқындалған өзге де мақсаттарда, тауарлардың АЭА резиденттерінің АЭА аумағына қойылады және  АЭА аумағында пайдалануға арналады. ЕКА кедендік рәсіміне шетел тауарларымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тауарлары орналастырылады.

Сонымен ЕКА кедендік рәсіміне орналастыру міндеті АЭА объектісіне әкелінетін ЕАЭО тауаралары-өңдеу үшін қажетті шикізаттан басқа, ЕАЭО тауарлары ЕКА кедендік рәсіміне АЭА қатысушысының таңдауы бойынша орналастырылады.

Бүгінгі күні «Астана-жаңа қала» АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру жайлы келісім-шарт, «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» №469-IV заңына сәйкес, АЭА  әлеуетті қатысушы арасында жасалады.

ЕКА кедендік рәсіміне  тауарларды орналастырудың келесі шарттары АЭА қатысушылар  шетел тауарларына қатысты тыйым салулар және шектеулерді сақтау болып табылады, нақты айтқанда тарифтік емес шараларды, техникалық реттеуді, экспорттық бақылауды, сонымен қатар әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты шараларды сақтау.

ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды АЭА жұмыс істеу мерзімі немесе АЭА аумағында ЕКА кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде немесе тұлға АЭА резиденті  мәртебесін жоғалтқанға дейін АЭА аумағына қою және тауарлардың АЭА аумағында болуы жүзеге асырылады.

ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде, осы тауарларды аумақтарда орналастырылатын АЭА  резиденті болып табылатын тұлға әрекет ете алады.

Сонымен қатар АЭА резиндеттері, АЭА  аумағында қызметті жүзеге асыру жайлы келісім-шартқа сәйкес, ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды пайдалану бойынша әрекетті жүзеге асыру бөлігіндегі, кеден заңнамасының талаптарын  сақтауға міндетті.

ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға кез-келген операциялар жасау кеден заңнамасында қарастырылған, атап айтқанда сақтау, тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операцияларды және сақтауға байланысты өзге де жүк операцияларын, тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеу, жөнелтілімдерді қалыптастыру, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) дайындау жөніндегі әдеттегі операциялар, тауар сапасын жақсарту жөніндегі операциялар, тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау (жинауды, бөлшектеу, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда), тауарларды жөндеу немесе оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі, оның ішінде жасау кезінде ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлары, ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде тауарлардың жұмсалуына (тұтынылуына) қарағанда өзгеше болуы,тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері.

Кеден органдары АЭА аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға құқылы. Осындай тауарлады дайын өнімге сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы «Арнайы экономикалық аймақтар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің кейбір сұрақтары туралы» №247 бұйрығымен айқындалады. Осы бұйрықта АЭА қатысушысы сәйкестендіру тәсілін көрсетіп мемлекеттік кірістер органдарына сәйкестендіруге өтінішті беру мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттік кірістер органдарына осындай өтініш түскен жағдайда, ЕКА кеденді рәсіміне бұрын орналастырылған, шетел тауарларынан дайындалған дайын өнімді кедендік тазарту кезінде, басқа сәйкестендіру нысанын қолдануға құқығы жоқ.

ЕКА кеденді рәсіміне бұрын орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, ЕКА кеденді рәсіміне бұрын орналастырылған және АЭА аумағына әкелінген тауарлар міндетті бақылауға және есепке жатады. АЭА қатысушысы тауарларға жүргізілген өзгерісті көрсетіп, осы тауарлардың есебін жүргізеді. АЭА қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей бекітілген нысан бойынша есепті мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

           

            Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев