Тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері

Тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың баснынан бері  жекелекен салықтық бақылау сұрақтары бойынша 475 тақырыптық салықтық тексеру жүргізілді, осы тексеру нәтижесінде 598 салық заңдылығын бұзушылық анықталды, оның ішінде:
•    122 заң бұзушылық ФЖ бар БКМ болмауына байланысты;
•    6 заң бұзушылық ФЖ бар БКМ қолдану тәртбін бұзуына байланысты
•    53 заң бұзушылық алкогольге арналған шот-фактураларды сүйемелдеу құжаттарының болмауына байланысты;
•    121 заң бұзушылық алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның болмауына байланысты;
•    9 заң бұзушылық алкогольдік өнімдерге тіркелетін бақылау белгілерінің болмауына байланысты;
•    282 заң бұзушылық Pos-терминалдардың болмауына байланысты;
•    17 заң бұзушылық салық органдарында сәйкес тіркеу болмауына байланысты.
Аталған тексерулер бойынша сот шешімімен жыл басынан бері алкоголь өнімдерінің 41 133 бөтелкесі конфискіленген жалпы сомасы 17 863 544 тенге, сонымен қатар, 7 185 темекі өнімдері, жалпы сомасы 972 250 тенге. Жекелеген сұрақтар бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде салық төлеушілер 77 928 613 тенгеге табысын көбейтіп, қосымша салық есептілігін тапсырды.
Департамент тұрақты түрде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қалданбайтын, жалдамалы жұмысшыларды азайтып көрсететін және тағы басқа сұрақтар бойынша салық төлеушілерге талдау жүргізеді.
Осы мақсатпен салық төлеушілердің нақты табысын және шығындарын анықтау үшін Департамент 23 хронометраждық бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар, жалақыны конвертте беретін жұмыс берушілер, еңбек ақы қорын азайтып көрсететін  салық төлеушілер және тағы басқа да сұрақтар бойынша тексеру қамтылды.
Хронометраждық бақылау жүргізу барысында салық төлеушілермен тұрақты түрде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты, жалдамалы жұмысшыларды көрсету және жалақы қорын көбейту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Хронометраждық бақылау нәтижесінде күнделікті орташа шығарылатын чектердің саны 38 данадан 130 данаға дейін көтерілді.
Осыған байланысты бақылау нәтижесімен салық төлеушілер табысын 459 838 100 теңгеге көбейтіп, қосымша салық декларациясын тапсырды, бюджетке төленген салық сомасы 62 081 000 теңгені құрады, осы қосымша салық декларацияларында жалдамалы жұмысшылар мен жалақы қоры 17 082 800 теңгеге көтеріліп, салығы мен аударымдары 4 800 000 теңгені құрады.
Жоғарыда аталған жұмыстар тұрақты түрде кәсіпкерліктің барлық түрлері бойынша, оның ішінде сауда, жаппай тамақтандыру және тағы басқа салалар бойынша жүргізілуде.
Осыған байланысты барлық салық төлеушілерді жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды болдырмау және салық заңдылығын сақтауға шақырамыз.
Қосымша ретінде салық төлеушілерге, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 8 702 475 36 43 нөмеріне «WhatsApp» мессенджер қосқанын хабарлайды. Осы нөмірге деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары болмауына байланысты және чектерді бермеуіне байланысты заң бұзушылықтар туралы хабарлай аласыздар.
Біз барлық азаматтарды шетте қалмай, кез-келген заң бұзушылыққа назар аударуды сұраймыз.
Түскен хабарламаны дұрыс қарастыру үшін, нақты мекен жайын, объектінің атын, арызданушының аты-жөнін толық көрсету керек.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев