Сіздің назарларыңызға, Астанада 01.10.2018 жылдан бастап экстерриториялық принципі жұмыс жасайды.

Сіздің назарларыңызға, Астанада 01.10.2018 жылдан бастап экстерриториялық принципі  жұмыс жасайды.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды мемлекеттік қызмет көрсету қызметін қысқарту және оңтайландыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылды. 
Мемлекеттік қызметтік қызметті экстерриториялық принципі  бойынша қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша байланыстыру болмауды яғни қызметті кез келген мемлекеттік кірістер органдарынан алуға мүмкіндік береді.
Экстерриториялық принципі қажеттілігі жоғары болу себебінен  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасында барлық аумағында тұрақты түрде экстерриториялық принципі бойынша қызмет көрсетуді  туралы шешім қабылданды.
Келесі қызмет түрлері
Экстерриториялық принципі бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін келесі қызмет түрлері таңдалған:
1.    Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою
2.    Салық төлеушілерді тіркеу
3.    Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру
4.    Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру
5.    Қазақстан Республикасының резинденттігін растау
6.    Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)
7.    Салық есептілігн қабылдау
8.    Салық есептілігін керi қайтарып алу
9.    Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
10.    Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару
11.    Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту
12.    Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттынан үзінді көшірме беру
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді  кез келген жақын мемлекеттік кірістер органында, яғни Астана аумағындаға немесе  басқа облыстардың аумағында қызмет алуға болады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор: Жасулан Мантаев