Семинар: "Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды шолу".

Семинар: “Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды шолу”.

2019 жылғы 14 ақпанда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мәжіліс залында “Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға шолу” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын Астана қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасы, “Орталық бухгалтер үйі” ЖШС, “Finex-Standart” ЖШС қатысты.
Семинарды ашқан Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының м. а. Кулекин Темір Сиазбекұлы, 2019 жылдан бастап салық төлеушілермен қарым-қатынас тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) негізінде, құрылады, яғни тәуекел дәрежесіне (жоғары, орташа және төмен) байланысты салық төлеушілер градациясы негізінде сараланған тәсіл қолданылатын болатының атап өтті.
Мәселен, берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу барлық салық төлеушілерге емес, тәуекел санатына байланысты жүзеге асырылатын болады:
– тәуекелдің жоғары дәрежесі – салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін – банк шоттары бойынша және касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылады; 
– тәуекелдің орташа деңгейі – салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні өткеннен кейін.
Осыған ұқсас, борышкердің мүлкіне билік етуді шектеуге қатысты:
– тәуекел деңгейі жоғары болған кезде – салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;
– орташа тәуекел санаты кезінде – салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап 15 жұмыс күні өткеннен кейін.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты шектеу шаралары қолданылмайтын болады.
Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесі салық төлеушілерді салық міндеттемелерін толық көлемде орындауға ынталандыруға бағытталатын болады.
Әрі қарай, семинар жұмысына қатысты:
Сыдықов Данияр Бахтиярұлы – Астана қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары.
Маткулова Салтанат Смағұлқызы – ҚР ҚМ МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің толассыз мониторинг басқармасы басшысының орынбасары тақырыбы: “Blockchain технологиясын пайдалана отырып ҚҚС бақылау шотын енгізу”;
Баймағамбетова Сәуле Кеңесқызы – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы, тақырыбы: “Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге шолу”;
Бекболсынова Алма Сартайқызы – “Орталық бухгалтер үйі” ЖШС, Э. Ғ. М., ҚР Кәсіби бухгалтері тақырыбы: “Виртуалды қойма”;
Ажғожина Индира Тохтарқызы – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы, тақырыбы: “Қызмет түрлері бойынша ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қолдану. Өндірістік емес төлемдерге салық салу”;
Кульжанова Перизат Сейтхановна – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау басқармасының бас маманы, тақырыбы: “Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану”;
         Шетенова Майнура Талғатқызы – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің “Астана-кедендік ресімдеу орталығы” кеден бекетінің басшысы, тақырыбы: “Кеден заңнамасындағы өзгерістерге шолу”;
         Жанабекова Асель Идрисовна – ҚР аудиторы, ҚР Кәсіби бухгалтері, DipIFR-ACCA, “Finex-Standart” ЖШС аудиторлық компаниясының салық кеңесшісі, тақырыбы: “Халықаралық салық салу”.
         Баяндамашылардың сөз сөйлеулері соңында салық төлеушілердің ауызша өтініштеріне жауаптар берілді.
         Айта кету керек, семинар мыңнан астам салық төлеушілерді жинады.
         Семинар материалдары (баяндамалар, слайдтар) ресми сайтта келесі сілтеме бойынша орналастырылған: [url]http://astana.kgd.gov.kz/ru/content/seminar-ot-14-fevralya-2019-goda-2[/url]

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті