Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру тәртібі мен шарттары

                                                                    Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша

кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру тәртібі

мен шарттары

 

Кейінге қалдыру ұғымы – салықтарды бір жолғы төлеу мерзімін алты айға дейін және үш жылға дейінгі мерзімде салықтарды кезең-кезеңмен төлеу мүмкіндігін  береді.

Бөліп төлеу ай сайын немесе тоқсан сайын салықтарды және төлемдерді тең үлестермен төлеуді болжайды.  Қейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу туралы шешімдік мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша немесе мемлекеттік кірістер органы салық және (немесе) төлем төлеуді орналасқан жері бойынша өтінішті алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды.

 Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды мынадай:

– салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мәнжайлары) салдарынан нұқсан келтіру;

– салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіруінің және (немесе) өткізуінің маусымдық сипатта болуы;

– дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) біржолғы салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;

– соттың төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;

– салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;

– салық төлеушінің қосымша салықтық есептілікті ұсынуы; салық төлеушінің есепке жазылған салықтардың және (немесе) төлемақылардың тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларымен келісуі негіздерінің бірі болған кезде оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын салық төлеушіге берілуі мүмкін.

Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды беру туралы өтініш берген күнге дейінгі кезең кемінде бес жылды құрайтын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту көзделмеген.

Салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге беру не банк кепілдігінің болуы кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну үшін міндетті шарт болып табылады, сондай-ақ берешектің сомаларын және оны өтеу мерзімдерін көрсете отырып, дебиторлардың тізбесін ұсынуға міндетті, оның негізінде мемлекеттік кіріс органы кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу мерзімі ішінде салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу мүмкіндігінің болуы туралы қорытынды жасай алады.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Автор записи: Жасулан Мантаев